Нәрестесінен айырылған әйел дәрігерлерді кінәлайды

13 Қыркүйек 2019, 18:06
1893
Бөлісу:
Нәрестесінен айырылған әйел дәрігерлерді кінәлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының тұрғыны №2 перинаталдық орталық дәрігерлерін айыптауда, деп хабарлады Almaty.tv.

Айтуынша, аталған аурухана мамандарының салғырттығынан құрсақтағы шаранасы шетінеп кеткен.

Дене қызуы көтеріліп, жедел түрде жеткізілген келіншек №2 перинаталдық орталықта 3 күн бойы жатқан. Жанында жақындары болмаған оған дәрігерлер жағдайдың жақсы екенін айтыпты. Құрсағындағы сәбиі жүрегінің соғып тұрғанын жеткізіп, жұбатқан дәрігерлер соңын суық хабармен аяқтапты. 

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баланың неден шетінеп кеткенін айта алмады. Қазір сараптама тағайындалып отыр. Оның қорытындысы 10 күннен кейін белгілі болады, дейді мамандар.      

«№2 перинаталдық орталықта болған оқиға бойынша бұл жерде бастысы – ананың өмірі сақталып қалды. Шарана анасының ішінде қайтыс болған. Ол болашақта әлі бала туа алады», – деді Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Малика Абдалиева.

Өзгелердің жаңалығы