Надаль бірінші сетте жеңіске жетті

24 Қазан 2019, 20:26
1694
Бөлісу:
Надаль бірінші сетте жеңіске жетті
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Елордадағы "Барыс Арена" спорт кешенінде өтіп жатқан Рафаэль Надаль мен Новак Джокович арасындағы қайырымдылық матчтың бірінші кезеңі аяқталды.

Алғашқы сетте испаниялық теннисші жеңіске жетті. Рафаэль Надаль екі брейк жасаса, қарсыласы Новак Джокович бір брейкке шамасы жетті. Сөйтіп, бірінші сет 6:3 есебімен аяқталды.

Бұл екеуінің спорттық карьераларындағы осымен өзара 55-кездесулері. Әлемнің бірінші ракеткасы саналатын сербиялық теннисші 54 ойынның 28-інде жеңіске жетсе, 26 матч қарсыласының пайдасына шешілген. Екеуі финалда 26 рет жолыққан. Надальда 19 "Үлкен дулыға" болса, Джокович 16 рет топ жарған.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Рафаэль Надаль мен Новак Джокович Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Новак Джокович Қазақстандық теннисшілермен ойынды асыға күтетінін айтты. Сонымен қатар, теннисшілер бүгін елордада жаңа теннис орталығының ашылуына қатысты.
Өзгелердің жаңалығы