Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы шіркеуге барды

7 Қаңтар 2019, 13:32
5563
Бөлісу:
Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы шіркеуге барды
PHOTO

Астана, baq.kz тілшісі. Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Əулие Успен кафедралды соборына барып, Қазақстанның барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.

  • Астана, baq.kz тілшісі. Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Əулие Успен кафедралды соборына барып, Қазақстанның барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.

«Бүгін бүкіл Қазақстан, барлық конфессия мен этнос өкілдері  Рождество мерекесін атап өтіп жатыр. Біз мұсылмандардың Құрбан айтын қалай атап өтсек, солай мерекелеп жатырмыз. Елімізде солай қалыптасқан. Баршаңыздың қолдауларыңыздың арқасында барлық конфессия, ұлт өкілдері тату-тəтті, берекелі, өзара сенімде өмір сүріп келеді. Осындай бірліктің арқасында біз бүгінгі жетістіктерге жеттік. Құдай – біреу, ал Құдайды тану, оған жету жолы əркімде əртүрлі. Біз əртүрлі жолмен келе жатырмыз. Бірақ, мейірім, береке-бірлік пен өзара түсіністік деген мәңгілік құндылықтар əрдайым баршаға бірдей. Бүкіл Қазақстан сондай», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы еліміздегі православие тарихының терең екенін айтты. Қазір Қазақстанда 390 нысан, 301 бірлестік бар екен.

«Біз тəуелсіздік жылдары сіздермен бірге Қазақстанды құрып, дамытып келеміз. Бүкіл қызметім сіздердің көздеріңіздің алдында өтіп жатыр. Менде басқа саясат жоқ. Мен оны жалғастырамын, яғни елімізде əрдайым бейбітшілік, достық, өзара түсіністік, сенімнің болғанын қалаймын. Біз осындай бастамамен ғана, өзімізге, балаларымыз бен немерелерімізге жақсы өмір жасай отырып қана, əрі қарай дами аламыз. Сондықтан осы жолда баршамызға бірлікте өмір сүру тілегінің беріктігін тілеймін. Мерекелеріңізбен тағы бір мəрте құттықтаймын. Барлық арман-мақсаттарыңыз орындалсын», - деп түйіндеді Назарбаев.

Атап өтсек, бүгін таңертең Президент еліміздің барша православ христиандарын Рождество мерекесімен ресми түрде құттықтаған болатын.

«Бұл – жақсылық пен әділдікті, жақын жандарға деген мейірім мен сүйіспеншілікті дәріптейтін, жоғары гуманистік идеалдарға деген сенімді нығайтатын мейрам. Бүгінде түрлі дін өкілдері өзара түсіністікті нығайтуға және қазіргі Қазақстан қоғамының тұрақты дамуына елеулі үлес қосуда. Бәріңізге шын жүректен зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке тілеймін», - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан – мұсылмандардың Құрбан айт мейрамының алғашқы күні мен Рождество мерекесі демалыс күндері болып келетін жалғыз мемлекет. Бұл жайлы Президенттің өзі 2011 жылы осы соборға келген кезінде айтқан болатын.

Қымбат Елтайқызы, baq.kz

Өзгелердің жаңалығы