Нұрлан Нығматулин Аустрияға ресми сапармен барды

20 Ақпан 2019, 09:57
1623
Бөлісу:
Нұрлан Нығматулин Аустрияға ресми сапармен барды

Астана, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Аустрия Республикасына алғаш рет ресми сапармен барды. Бұл туралы Мәжілісінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Іс-сапар барысында Н.Нығматулиннің Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің Төрағасы В.Соботкамен келіссөз жүргізуі жоспарланған. Сонымен қатар, Аустрия Парламенті Федералдық Кеңесінің басшысы И. Аппемен, ЕҚЫҰ қазіргі Төрағасы М. Лайчакпен және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жетекшісі Г. Церетелимен кездесулері қарастырылған.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының қысқы сессиясында сөз сөйлейді деп күтілуде. Ассамблея Еуропаның, Азияның және Солтүстік Американың 57 елінің 300-ден астам Парламент өкілдерін біріктіреді. 

Сессия барысында Мәжіліс Төрағасының бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы