Нұр-Сұлтанда "Жолда қабылдау" акциясы жалғасуда

25 Қаңтар 2020, 08:44
1322
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда "Жолда қабылдау" акциясы жалғасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Акция аясында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері 09:00-ден 19:00-ге дейін мобильдік пункттерде азаматтарға кеңес береді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Полицейлерден басқа іс-шараға Төтенше жағдайлар басқармасы мен Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қатысады. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткізіліп, онда онлайн-режимде пайдаланушылар мазалаған сұрақтарын қоя алады. Қазіргі уақытта әлеуметтік желі пайдаланушыларынан тікелей эфирде 180-нен астам сұрақ келіп түсті.

Айта кетсек, соңғы уақытта Қазақстанда шетелдік автокөліктерді тіркеу мәселесі азаматтарды толғандыруда. Әкімшілік полиция қызметкерлері осы мәселелер бойынша да түсініктеме берді.

Қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын сақтау, сондай-ақ азаматтық қорғаныс және салық салу мәселелері бойынша кеңес беру және құқықтық көмек алу үшін жүгіне алады. "Жедел желі" телефоны: 8 (7172) 71-69-77.

Өзгелердің жаңалығы