Нұр-Сұлтанда Нейропсихологияның диагностикасы мен коррекциясы туралы курс өтті

2 Қыркүйек 2019, 11:12
1681
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда Нейропсихологияның диагностикасы мен коррекциясы туралы курс өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда сал ауруына шалдыққан 26 мыңнан астам бала бар. «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қоры 2011 жылдан бері аз қамтылған отбасылардан сал ауруына шалдыққан балаларға оңалту қызметін көрсетіп келеді.

2014 жылы «Қасиетті жол» оңалту орталығы ашылды, мұнда жылына 600 бала сауықтыру курстарынан өтеді. Сонымен қатар, 2017 жылы «Балапан» ерте араласу орталығы мен «KzholShymkent» оңалту орталықтары өз қызметтерін ұсына бастады. Қазіргі таңда 3 орталық біріге отырып жылына 1600 баланы оңалтудан өткізуге қауқары бар. Бүгінде оңалтудан 4167 бала өтті.

Қордың негізгі мақсаты – балаларға сапалы, пайдалы оңалту қызметін көрсету. Сал ауруына шалдыққан балаларды 100% емдеп шығу мүмкін емес болғандықтан, қоғамда өзінің орнын табатын, өз-өзіне қызмет ете алатын, жоғарғы оқу орынының студенті болып, өз нанын өзі тауып жей алуға икемдеу. Орталықтар медициналық-педагогикалық бағытта жұмыс істеп, невролог, реабилитолог, неонотолог, психолог, ортопед, логопед, еңбеккебаулу, дефектолог, емдік дене шынықтыру интрукторлары мамандары 21 күнге созылатын курста балалармен тығыз қарым-қатынаста болады.

Қажетті, заманауи оңалту қызметін көрсету үшін мамандар жылына 2-3 рет халықаралық деңгейдегі біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Қорға 3 жыл қатарынан осындай мүмкіндікті сыйлап отырған «ЭксонМобил Казахстан Инк» компаниясы. Бүгінде компаниямен бірлескен «Менторлар мектебі» жобасы жасақталып, аясында 1000-ға жуық мамандары Германия, Біріккен Араб Әмірлігі, Ресей, Татарстан елдерінен келген профессорлардан шеберлік сабақтарын алуға мүмкіндіктері болды.

«Менторлар мектебі» жобасы аясында 19-22 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында осындай курстың бірі өтті. 

«Нейропсихологияның диагностикасы мен коррекциясы» атты курстарын Мәскеу қаласынан келген, Мәскеу мемлекеттік педагогика университетінің логопедия кафедрасының доценті, Жұтуды қалпына келтіру, фонация мен сөйлеу реаниматология және реабилитология Федералдық ғылыми-клиникасы лабороториясының меңгерушісі Шевцова Елена Евегеньевна өткізді. Курста тек «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қорының мамандары ғана емес, №2 қалалық балалар ауруханасының, №2 көпбейінді қалалық аурухана, әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, мүгедек балалар бірлестігі, №2 арнайы мектеп, мамандандырылған балалар үйі мамандары қатысты. Барлығы – 36 адам. «Ерекше балалармен жұмыс жасау барысында ән қосылса, бала ойы мен қимылдарын еркін және жеңіл орындауына септігін тигізеді. Алдағы уақытта жұмысымда осыны қолдансам ба деп ойлап отырмын», - дейді «Kzhol Шымкент» оңалту орталығының психолог маманы Елена Габитованың.

Курстың мамандарға берері мол, бірақ біз оқырмандарға пайдасы тиер деген мақсатта, қажет болуы мүмкін дүниелермен бөліскіміз келіп отыр.

•        Адам – қоғамның жаратылысы. Егер адамды төрт қабырғаға қамап, қолына телефон беріп қойсаңыз – иннтелектулды тұрғыда дамымайды. Сондықтан баланың далаға шығып, қоғаммен байланыс орнатуын қадағалау керек.

•        Энергияның қайнар көзі – тыныш ұйқы. Бала күніне 9-10 сағат ұйықтауы керек. Бұл уақыт ішінде миы күні бойы алған ақпаратты қорытып, келесі күнге ақпаратты қабылдау үшін дайындалады. Егер ұйқысы тыныш болмаса, витаминдер беріп, ұйықтар алдында шөптерден ванна қабылдап, қасына жатып ән айтып, ертегі айтып беру керек.

•        Егер бала 6 жасқа дейін мұрнын шұқып, қолын аузына салса – бұл қалыпты жағдай, одан асып кетсе мамандарға жүгінуіңіз керек;

•        Балаңызды бір жерге апаруды жоспарласаңыз, алдын ала айтпаңыз. Күтудің өзі олардың психологиясына кері әсерін тигізеді;

•        Кішкентай балалармен қонаққа бару жиілігін тоқтатыңыз. Бала тынымсызданып, жүйке жүйесінің зақымдануына әкелуі мүмкін.

•        Балаңыз не көрсе, ол – оның айнасы. Мультсериалдарды қарау барысында репертуарын таңдауға тырысыңыз. Отбасы құндылықтары мен өмірде бар құбылыстарды көрсететін дүниелердің болуын қадағалаңыз;

•        Балаңыздың рухани бай адам болып өсуіне көмектесіңіз. Әлеуметтік еңбекке жарамды, өзіне-өзі қызмет көрсетуге қауқарлы, адамдармен тіл табыса алатын болып өсуі керек.

•        Әрдайым баламен әңгімелесуді әдетке айналдырыңыз. Бүгін не істегенін, не байқағанын, ненің ұнап, ұнамағанын, болған жайт туралы өз ойын айтуын сұраңыз.

•        Баланы таңертең душқа түсуіне машықтандыру керек. Таңертеңгі душты қабылдаған соң қатты сүлгімен уқалау қажет. Ол тонустың жақсарып, жұмыс қабілеттілігін арттыруға көмектеседі.

•        Балаға айтатын нәрсеңізді жұмсақ жеткізген абзал. Үйдегі ата-анасының көңілсіз, ашулы күйде жүруі баланың тыныс алу проблемаларына әкеліп соғу қаупі бар. (астма, бронхит т.б).

Өзгелердің жаңалығы