Нұр-Сұлтанда Израиль елшілігі қоршауға алынды

2 Қыркүйек 2020, 18:00
2657
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда Израиль елшілігі қоршауға алынды

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері Тель-Авивтен жеткізілген күмәнді затқа байланысты Израиль елшілігін қоршауға алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін, 2 қыркүйекте 102 нөміріне Израиль елшілігінен пошта бойынша күмәнді екі қап жеткізілгені туралы хабар түсті. Заттар Тель-Авив қаласынан Алматы арқылы жеткізілгені белгілі болды. Оның салмағы 7 келіден асады, - делінген қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары "Азия" бизнес орталығын қоршауға алған. Мұнда Израиль елшілігі орналасқан.

Оқиға орнына полиция департаментінің жедел-тергеу тобы, кинологтар мен шұғыл қызмет көрсететін мамандар келді. Тексеру барысында полиция қызметкерлері қаптардан қауіпті заттарды тапқан жоқ. Онда жеке заттар болған, - делінген хабарлама.

Өзгелердің жаңалығы