Нұр-Сұлтанда дәмханалар мен мейрамханалар қайта ашылуда

19 Мамыр 2020, 06:30
1451
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда дәмханалар мен мейрамханалар қайта ашылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада мейрамханалар мен қонақ үйлер жұмысын қайта бастады. Жұмыстың басты шарты – қатаң санитарлық нормаларды сақтау, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Басты талап – санитарлық нормаларды сақтау, отыратын орындар санын 50-ден асырмау. Сонымен қатар кафе қонақтары 30-дан аспауы керек, – дейді қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмурзаев.

Оның айтуынша, бизнестің барлық нысандарына қатаң мониторинг жүргізіліп жатыр. Жақында ғана 10 нысан жабылды. Олардың ішінде құрылыс компаниялары, сондай-ақ дүкендер мен басқа да нысандар бар.
Талаптар бойынша қосымша шаралар қолданбайынша нысандар ашылмайды. Егер қалалықтар немесе бизнес нысандары қатаң санитарлық эпидемиологиялық нормаларды ұстамаса, өкінішке орай, қала бұрынғы қатаң карантин режиміне қайта оралуға мәжбүр болады, – деді Е.Бекмұрзаев.

Сонымен қатар бизнеске барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтауға назар аудару ұсынылды.

Өзгелердің жаңалығы