Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайды

6 Тамыз 2019, 08:18
1581
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 тамызда Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы төмендейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«Түнде Нұр-Сұлтан қаласында және Шымкент қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал»,- делінген хабарламада.



Өзгелердің жаңалығы