"Нұр-Сұлтан - Түркістан" марафонына қатысушылар 1400 шақырымды бағындырады

26 Қараша 2019, 08:28
3401
Бөлісу:
"Нұр-Сұлтан - Түркістан" марафонына қатысушылар 1400 шақырымды бағындырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 қарашада елордада дәстүрлі "Нұр-Сұлтан - Түркістан" марафоны басталады. Қатысушылар 7 күнде 1400 шақырымды бағындырады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Марафонға атақты спортшылар, ультрамарафоншылар, марафон жүгірушілер, әуесқой жүгірушілер қатысады. Олардың ішінде елорданың кәсіпкерлері мен құрылысшылары бар. Жарысқа барлығы 10 адам қатысады. Команданы "Қазақстан құрылысшылар одағы" РЗТҚ төрағасы, V шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Талғат Ерғалиев басқарады. Одан бөлек марафонның жетекшісі қалалар, аудандар мен ауылдардың әкімдерімен, сондай-ақ тұрғындарымен кездесу өткізеді. "Нұр-Сұлтан-Түркістан" марафоны 28 қараша күні сағат 9.00-де елордамыздың Қабанбай батыр даңғылы, 3/1 мекен-жайынан басталып, 4 желтоқсанда Түркістан қаласында аяқталады.

7 күн ішінде марафон жүгірушілері бір – біріне эстафетаны әр 10 шақырымда тапсырып, 1400 шақырым жүгіріп өтуі керек.  Сонымен қатар, марафон аясында халықпен кездесулер өтеді: Ақмола, Қарағанды және Қызылорда облыстарының елді мекендерінде аялдамалар жоспарланған, - делінген хабарламада.
Марафон жүгірушілері Қарағанды облысында орналасқан Бетпақ-Дала шөлі арқылы жүгіріп өтеді. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар үшін маршруттың бұл бөлігі аса қауіпті елдімекен болып табылады. Жылдың осы уақытында шөл далада қарлы боран өтеді. Сондықтан, марафон жүгірушілерімен бірге тәжірибелі құтқарушылар тобы, сонымен қатар медициналық қызметкерлер еріп жүреді.

Өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу және патриоттық рухты көтеру, сонымен қатар салауатты, белсенді өмір салтының негізін қалыптастыру - марафонның басты міндеті.




 

Өзгелердің жаңалығы