Нұр-Сұлтан мен Теміртау қалаларында ауа сапасы нашарлайды

10 Тамыз 2019, 08:13
1398
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан мен Теміртау қалаларында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі, 10 тамыз күні метеорологиялық жағдай Қазақстанның 2 қаласында ауаның ластануына ықпал етеді. Бұл туралы  «Қазгидромет» РМК-дан хабарлады. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, жайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан мен Теміртауда қалыптасып, ауа ластанады деген болжам бар.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы