Нұр-Сұлтан мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

4 Желтоқсан 2019, 08:33
2602
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін еліміздің екі қаласында жағымсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, сәрсенбі күні атмосфералық ауа сапасы Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында нашарлайды. Синоптиктердің деректеріне қарағанда, Актөбе, Алматы, Балқаш, Қарағанды, Тараз, Теміртау, Өскеменде ауаның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Өзгелердің жаңалығы