Нұр-Сұлтан әкімі праймеризде дауыс берді

3 Қазан 2020, 20:08
809
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан әкімі праймеризде дауыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов сайлау учаскесіне барып, өз дауысын берді. Бұл туралы ол өз Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Бүгін сайлау учаскесіне барып, дауыс бердім. Үгіт-насихат жұмыстары кезінде кандидаттар бағдарламаларын толық көлемде таныстырды. Қатысушылар арасында әйелдер, шағын және орта бизнес, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қуантады. Ұсынылған бағыттардың басым бөлігі әлеуметтік мәселелерді шешуге, қаланы дамытуға және инновациялық IT-технологияларды енгізуге бағытталғаны қуантады. «Праймериз» ақпараттық жүйесі мен үгіт-насихат кездесуі барысында бірқатар бағдарламалармен таныстым.

Сондай-ақ елорда әкімі ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін кедергісіз орта құру бағдарламасы туралы айтты.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бірқатар жүйелі шаралар қабылдауды және осы санаттағы тұрғындардың қоғамға бейімделуі үшін жағдай жасауды тапсырды. Биыл оңалту орталықтарының желісі едәуір кеңейтіліп, инватакси саны екі еседен астам ұлғайды. Сондай-ақ бірқатар оңалту орталықтарының құрылысын жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар, үміткерлер шағын және орта бизнесті қолдау, қызметтерді автоматтандыру, ТКШ жаңғырту және т.б. бойынша бағдарламалар ұсынды. Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы «Праймериз» - барлық азаматтар үшін әлеуметтік лифт және ел мен қаланың дамуына өз үлесін қосу мүмкіндігі екенін атап өтті. Ашық бәсекелестік негізде халықтық партиялық тізімдер қалыптастырылатын болады. Дауыс беру санитария нормаларын қатаң сақтай отырып, сайлау учаскелерінде онлайн және офлайн түрде өтіп жатыр. Онлайн-дауыс беру (веб-сайт және мобильді қосымша арқылы) 4 қазанда түсте аяқталады. Үміткерлерге сәттілік тілеймін!, - деп жазды Көлгінов.


Өзгелердің жаңалығы