Нұр-Сұлтан қаласында ауа сапасы нашарлайды

9 Тамыз 2019, 08:21
1352
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмада Нұр-Сұлтан қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«Жағымсыз метеожағдай Нұр-Сұлтан қаласында болжанады. Еліміздің өзге қалаларында ауа сапасының нашарлауы күтілмейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал»,- делінген хабарламада.



Өзгелердің жаңалығы