Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі заңсыз салынған нысандарды бұзып жатыр

11 Желтоқсан 2019, 20:02
4778
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі заңсыз салынған нысандарды бұзып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада заңсыз салынған ғиматтар қиратылып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлышев хабарлады. 

Заңсыз салынған ғимараттарды сүру жұмысы Шұбар тұрғын үй алабындағы Құлынды көшесіндегі 3-ғимараттан басталды. Ғимарат иесі бірнеше соттың шешімімен хабардар болды, бірақ сот шешімін орындамады. Қазіргі уақытта ғимаратты сүру жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыс алдағы 1 ай бойы жалғасады. Бұл дегеніміз Нұр-Сұлтан қаласында заңсыз салынған ғиматтар қиратылады деген сөз, - дейді басқарма басшысы Төлеген Құлышев. 

 Оның айтуынша, бұған дейін аталған ғимарат иесіне құрылысты қайта жоспарлау керектігі ескертілген.


2017 жылдың 20 маусымда аталған ғимарат иесіне функционалды мақсатын өзгертпей, тұрғын үйді қайта құру туралы шешім қабылданды. Алайда, ғимарат иесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы стандарттарды ескермей, қолданыстағы тұрғын үйді бұзып, өз еркімен төрт қабатты жаңа үйдің құрылысын бастады. Бұл әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, анықталған ескертулерді жою туралы бұйрық шығарылды, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы