«Нұр Отан» мектеп асханаларын жалға алушыларды тексерумен айналыспайды

19 Қаңтар 2019, 15:45
2540
Бөлісу:
«Нұр Отан» мектеп асханаларын жалға алушыларды тексерумен айналыспайды

Астана, BAQ.KZ. «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында мектеп асханалары жөніндегі Республикалық сарапшылар тобының бірінші кеңесі өтті. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кеңес барысында мектеп асханаларына тиеселі бақылауды қамтамасыз ету мен шағын және орта бизнестің мүддесін қорғаудың аралығындағы мәселеде ымыраға келудің жауабы іздестірілді

Бұрын-соңды хабарлағанымыздай, мектеп асханаларының бірқатар өзекті мәселелерін шешу және ата-аналар комитетінің, асханаларды жалға алушылардың, мектеп әкімшілігі өкілдері мен білім басқармасы өкілдерінің іс-әрекетін үйлестіру үшін «Нұр Отан» партиясы «Мектеп асханалары» жобасын дайындаған еді. Оған ата-аналар қоғамдастығының әлеуметтік желілерде жазған балаларды тамақтандырудың сапасына көңілі толмаушылығына байланысты пікірлері себеп болды.

Өткен жылы партия біз тілге тиек еткен мәселелерді шешуге тиіс арнайы жоба әзірлеп, тұжырымдамасын бекітіп, содан кейін нақты дайындық жұмыс жүргізген. Нәтижесінде 2018 жылдың соңында нұротандықтар мектеп асханаларындағы тиым салынған бірқатар азық-түліктердің тізімін ұзартуға қол жеткізді (сосискалар, колбаса өнімдері, гамбургерлер, сондай-ақ, жасанды қосымшалары бар тағамдар қосылды), ал, Жаңа жылдан бастап «Мектеп асханалары» деп аталатын партиялық жоба ресми түрде бастау алды. Құрамында ата-аналар, парламентарийлер, «Нұр Отан» партиясы өңірлік филиалдарының, БАҚ, ҮЕҰ мен меморгандардың өкілдері бар ведомствоаралық сарапшылар тобы бүкіл еліміз бойынша мектептің тамақтандыру орындарына мониторинг жүргізуге кірісіп кетті. Ұйымдастыру мәселелері мен жобаны іске асырудың алғашқы күндерінің нәтижесін талқылау үшін «Нұр Отан» мектеп асханаларын тамақтандыруға байланысты Республикалық сарапшылар тобының бірінші кеңесін өткізді. Бұл мәселені бақылауға алған партия Хатшысы Илья Теренченконың төрағалық етуімен өткен отырыста кездесудің қатысушылары өз идеяларымен бөлісіп, мектеп асханаларының жұмысын ұйымдастыру саласындағы, мектеп асханалары мониторингінің қапылдығы, мектеп асханалары мен ас әзірлейтін жерлерде бейнебақылау орнату, сондай-ақ, бейінді нормативтік құқықтық актілерге өзгеріс енгізу туралы ойларын ортаға салды.  

Өзгелердің жаңалығы