Мысырда көне абыздардың моласы табылды

1 Ақпан 2020, 06:29
2285
Бөлісу:
Мысырда көне абыздардың моласы табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мысырдың көне істер министрлігі аспан құдайы Гораға арналған жоғарғы абыздардың беймәлім моласы мен тас табыттары табылғанын хабарлады. Бұл туралы Phys.org хабарламасында айтылған.

Көне заттар Эль-Миндағы археологиялық қазба жұмыстары кезіне табылды. Жалпы 20 тас табыты бар 16 мола табылған. Олардың кейбіреуінің бетінде иероглифтер бар. Олар Каирдан шамамен 300 км қашықтықтағы Аль-Горейф ауданында орналасқан.

Ортақ молалар Тота құдайының абыздарына және сол замандағы жоғары лауазымды шенеуніктерге тиесілі. Олар шамамен осыдан үш мың жыл бұрын өмір сүрген, - делінген хабарламада.

Бүдан басқа, археологтар 10 мың көк және жасыл мүсін тауып алды. Сол замандағы адамдар бұл мүсіндер о дүниеде де өз қожайындарына қызмет етеді деп сенген. Сонымен қатар қи қоңыздар мен қанатты айдаһарлар түріндегі 700 амулет пен қуырылған нан және құмыралар табылған. Бұл құмыраларда мәйітті бальзамдау барысында қайтыс болған адамның денесінен алынған ішкі органдары сақталатын болған.

Өзгелердің жаңалығы