Мырзакент ауылында жаңа спорт кешені ашылды

16 Тамыз 2022, 18:08
1863
Бөлісу:
Мырзакент ауылында жаңа спорт кешені ашылды
PHOTO

2022 жылдың 16 тамызында Түркістан облысы Мақтарал ауданы Мырзакент ауылында «Жетіген» спорт кешені ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кешен 520 орынға есептелген. Мұнда спорттың : дзюдо, бокс, еркін күрес, қазақша күрес және т.с.с. түрлерімен айналысуға арналған залдар қарастырылған.

Мырзакент ауылында жаңа спорт кешені ашылды

 Спорт кешені меценат, аудандық партия ұйымының жетекшісі Бексұлтан Абзал Ермаханұлының тікелей демеушілігімен салынды. Іс-шараға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Бектаев Әли Әбдікәрімұлы және «Ауыл» партиясынан сайланған мәслихат депутаттары мен партия белсенділер қатысты.

Мырзакент ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Ашылу салтанатында Әли Бектаев ағымдағы жылдың мамыр айында «Ауыл» партиясының «Жаңа Қазақстанға жаңа ауыл» жобасы басталғанын атап өтті. 

Мырзакент ауылында жаңа спорт кешені ашылды

 

Жоба аясында еліміздің барлық өңірлерінде меценаттардың, партия белсенділерінің қатысуымен бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Партия жүзеге асырып жатқан жобаның басты мақсаты – ауылды дамытудың жаңа үлгілерін іздестіру және жүзеге асыру, Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыру жөніндегі бастамаларын қолдау. Осы уақытқа дейін еліміз  бойынша 60-тан астам іс-шара өткізілді. 120-дан астам ауылдық елді мекен қамтылған. Депутаттарымыз және «Ауыл» партиясына мүше кәсіпкерлер мен демеушілер халықпен кездесулерден бөлек,  кәсіпкерлікті жаңа бастаған ауыл азаматтарына, аз қамтылған отбасыларға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, ауылдың инфрақұрылымын дамытуға да өз үлестерін қосып жатыр. Мысалға осы уақыт аралығында Қарағанды ​​облысында медицина қызметкерлері шалғайдағы ауыл тұрғындарына тегін диагностикалық қызмет көрсетті. Өткен аптада партия С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-мен бірлесіп ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көмек көрсету мақсатында онлайн форматта «Егіс күнін» өткізді», -деді партия төрағасы.

Мырзакент ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Абзал Бексұлтан өз сөзінде туған ауылына балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулитын кешен салып, сыйға тарту арманы екенін атап өтті. «Осы спорт кешенінде біз болашақ чемпиондарды, ел мақтаныштарын тәрбиелейтінімізге сенімдімін». Сонымен қатар, ол барлық меценаттарды ауылдың әлеуметтік жағдайы мен инфрақұрылымын жақсартуға үлес қосуға шақырды.

Мырзакент ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Сондай-ақ, Ә.Ә.Бектаевтің атынан партия басшылығы, мәслихат депутаттары мен белсенділер Нұрлыжол ауылының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты мен инженерлік инфрақұрылымының ағымдағы жағдайымен жан-жақты танысу  мақсатында тұрғындармен кездесті.

Өзгелердің жаңалығы