Мырзағалиев солтүстік пен шығысты газбен қамтамасыз ететін жобамен таныстырды

22 Желтоқсан 2021, 10:11
1195
Бөлісу:
Мырзағалиев солтүстік пен шығысты газбен қамтамасыз ететін жобамен таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің солтүстік және шығыс өңірлері газбен толық қамтылмай отыр.

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта аталған өңірлерді газдандырудың екі нұсқасы қарастырылған.

Оның бірі - «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын жалғастыру болса, екіншісі - Ресей Федерациясынан магистральдық газ құбырларын салу.

Сондай-ақ , министр тұтынушылардың табиғи газға деген өсіп келе жатқан қажеттілігін жабу үшін әртүрлі кезеңдерде газ тасымалдау жүйесін салу жобалары бар екенін атап өтті:

-«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының 2-ші желісін салу.

- «Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырының 2-ші желісін салу

- «Бұхара-Орал» газ құбырынан Ақтөбе қаласына дейін газ бұру құбырының  3-ші желісін салу және тағы басқалары.

Өзгелердің жаңалығы