Мырзағалиев парамен ұсталған әріптестері туралы айтты

12 Ақпан 2021, 18:31
1818
Бөлісу:
Мырзағалиев парамен ұсталған әріптестері туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында қабылданып жатқан шараларға қарамастан сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары әлі күнге дейін орын алып отырғанын айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет министрліктің маңызды бағыттарының бірі.

Министрлік сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеу» қағидатын ұстана отырып, өз қатарында сыбайлас жемқорлықты жою бойынша шаралар қабылдайды.

Министрліктің бастамасы бойынша 4 комитетте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Оның ішінде Экология реттеу және бақылау, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі, Су ресурстары және геология комитеттері. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар жоспары іске асырылды. Сондай-ақ, заңнама жетілдірілуде, - деді ол.

Сонымен қатар, министр атағандай, ҚР жаңа экологиялық кодексі қабылданды.

Кодекс «ластаушы төлейді әрі түзетеді» қағидаты бойынша бекітілді. Орман қорында және қалалар мен елді мекендерде заңсыз ағаш кесу, ағаштар мен бұталарды жою және зақымдау үшін қылмыстық, әкімшілік жауапкершілік күшейтілді, - деп атап өтті Мырзағалиев.
Оның сөзінше, «Адалдық алаңы» жобасы іске асырылуда.
Министрліктің тәжірибесінде аумақтық органдарға жоспардан тыс тексеру қолданылады. Бұл олардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлықты жою бойынша оң нәтиже береді. Дегенмен қабылданып жатқан шараларға қарамастан сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары әлі күнге дейін орын алып отыр, - деп айтты ол жемқорлық туралы.

Министр айтқандай, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төменгі инспекциясының жетекші маманы былтыр қазандағы сот үкімімен тыйым салынған аула құралдары мен балық аулауға қатысты броконьерлер мен балықшылардан ақшалай қаражат алғаны үшін сотталды.

Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экология департаментінің бөлім басшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Осыған байланысты министрліктің алдында сыбайлас жемқорлықты жою және алдын алу қағидаттарын одан әрі іске асыру бойынша міндеттер тұр, - деп Мырзағалиев алқа отырысын қорытындылады.

Өзгелердің жаңалығы