Мырзағалиев қазақстандықтарды «Жер сағаты» акциясына қатысуға шақырды

27 Наурыз 2021, 14:03
1894
Бөлісу:
Мырзағалиев қазақстандықтарды «Жер сағаты» акциясына қатысуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан дәстүрлі түрде әлемдегі ең ауқымды «Жер сағаты» экологиялық акциясына қатысады. Бұл күні 180 елдің миллиондаған тұрғындары 1 сағатқа жарық пен электр құрылғыларын сөндіреді, деп жазды Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев twitter-дегі парақшасында. 

Акцияның негізгі мақсаты – адамзатты табиғатқа жанашырлық танытуға, ғаламшар климаты мен оның шектеулі ресурстарын сақтау үшін шаралар қабылдауға шақыру. Қазақстанда «Жер сағаты» акциясы жыл өткен сайын танымал болып келеді. Егер бұрын науқанды тек ірі қалалар қолдаса, соңғы екі жыл қатарынан барлық өңір қосылып жатыр. Биыл Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры «Жер сағаты» акциясын экологиялық ашықтық тақырыбына арнады, - деді министр. 

Ол экологиялық проблемаларға бей-жай қарамайтын барлық азаматты осы әлемдік науқанға қатысуға шақыратынын айтты.

Жергілікті уақыт бойынша 20:30-да бір сағатқа жарықты сөндіру керек. Бұл бар ғаламның экологияны қорғау мен сақтау жолында бірігуіне зор серпін береді деп сенемін, - деді Мырзағалиев. 

Айта кетейік, бүгін жергілікті уақыт бойынша 20:30-да елордада Ақорда, Мәңгілік Ел монументі, Әзірет сұлтан мешіттері секілді нысандардың декоративті жарығы өшіріледі.

Өзгелердің жаңалығы