Мына даланы қайта жаңғыртуға жеті жыл керек шығар - Бақтыгереева

7 Қыркүйек 2022, 12:33
2217
Бөлісу:
Мына даланы қайта жаңғыртуға жеті жыл керек шығар - Бақтыгереева

Ақын, мемлекеттік сыйлықтың және халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыгереева президенттің Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біздің ата-бабамыз жеті санын киелі деп түсіндірді. Аспанға қарасаң жетіқарақшы – жеті жұлдыздан тұрады, жерден санасаң бір аптаң жеті күннен тұрады. Жеті атасын білмегенді жетесіз деді, жеті дәмді сыйламағанды көргенсіз деді. Жеті мүше, жеті қазына, жеті байлық – осының бәрін жеті санымен түсіндірді. Сонау Тәуке хан заманынан бізге күні кешеге дейін қызмет етуге жалғасқан қасиетті Жеті Жарғы да сол жеті санынан тұрады. Кешегі егемендікті қастерлейміз деп алданған, біздің қоғамда кеткен қателікті жөндеу үшін жас ұрпақтың болашағына қайтадан бір жарқын жолдарды ашу үшін, мына даланы қайтадан жаңғырту үшін, қорғау үшін бәлкім бізге жеті жыл керек шығар, мен оған куә бола алмаймын, жеті санынан үлкен үміт күтемін, ертеңнен үміт күтемін, - деді Ақұштап Бақтыгереева. 

Өзгелердің жаңалығы