«Мың бала» жобасының қорытындысы шығарылды

17 Қараша 2023, 11:10
495
Бөлісу:
«Мың бала» жобасының қорытындысы шығарылды
Фото: "Қоғамдық келісім" РММ

Елордада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының соңғы кезеңі өз мәресіне жетіп, қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Мың бала» жобасы өскелен ұрпақты, оның ішінде этнос өкілдерінің жас жеткіншектері арасында қазақстандық бірегейлікті мемлекеттік тілді меңгеруге ынталандыру арқылы дамытуға бағытталған.

Салтанатты іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ.Ысқақов, ҚР Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері мен «Мың бала» жобасының өңірлердегі жеңімпаздары қатысты.

«Мың бала» жобасының қорытындысы шығарылды

«Мың бала» жобасы аясында барлық аймақтарда жыл бойы түрлі бағыттар бойынша қазақ тілін меңгеруге арналған 6 мыңнан астам іс-шара мен байқаулар өткізілді. Биыл жобаға 320 мыңнан аса бала қатысты.

«Мың бала» жобасының қорытынды кезеңінде вокал, домбыра мен қобыздағы орындаушылар «Өнерлі өрге жүзер», ал мәнерлеп оқитындар мен жас ақындар «Жарқыра, жас дарын!» номинациялары бойынша барлығы 35 өңірлік жеңімпаздар марапатталды.

«Мың бала» жобасының қорытындысы шығарылды

Іс-шара соңында жеңімпаздар қазақ ақындарының шығармаларын оқып, мәдениет қайраткерлерінің музыкалық шығармаларын орындаумен қатар, өздері шығарған өлеңдерін де айтып беріп, бірқатар концерттік нөмірлерімен өнерлерін көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы