Мьянмадағы лай көшкінінен 40 адам қаза тапты

11 Тамыз 2019, 11:42
1413
Бөлісу:
Мьянмадағы лай көшкінінен 40 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күшті муссондық жаңбыр кейбір кенттерді толығымен шайып кетті, деп хабарлады шет елдің ақпарат агенттіктері. 

Мьянмада муссондық жаңбырдың салдарынан лай көшкін болып, салдарынан 40-тан астам адам көз жұмды. Xinhua агенттігінің хабарлауынша, жалпы алғанда 27 үй мен бес көлік құралы лай мен тас аралас ағын су астында қалған.

Бірнеше көліктегі жолаушылар жолда құтқарылды. Барлық мекемелер уақытша жабылды. Із-түссіз жоғалған адамдарды іздеу шарасы жалғасуда. 
Өзгелердің жаңалығы