Музейде Ұлттық валюта күніне арналған іс-шара өтеді

13 Қараша 2023, 19:06
527
Бөлісу:
Музейде Ұлттық валюта күніне арналған іс-шара өтеді
Фото: Арман Мухатов - архив

Ертең ҚР Ұлттық музейінің Ғылыми кітапханасында ҚР Ұлттық валютасының 30 жылдығына орай «Теңге – тәуелсіздік символы» атты ашық сабақ өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сабақтың мақсаты – тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгілерінің бірі – теңгенің тарихынан тереңірек мағлұмат беру, Қазақстанның ұлттық валютасының пайда болуының маңыздылығын түсіндіру, басқа елдердің валюталарымен таныстыру, тақырыпқа қатысты ҚР Ұлттық музейінің қорында сақталған құнды жәдігерлерді ұсыну, оқушылардың өз Отанына деген мақтаныш, патриоттық сезімін күшейту.

Қонақтар назарына теңге мен тиындардың алғашқы үлгілерінен бастап, инвестициялық және коллекциялық монеталарға дейінгі топтаманы қамтитын көрме ұсынылады. Сонымен қатар көрермен «Теңге – тәуелсіздік символы» атты кітап көрмесімен таныса алады.

Сабаққа Астана қаласының Темірбек Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейі мен Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясының ұстаздары мен оқушылары қатысады.

Өзгелердің жаңалығы