Мусин Ресейдің Үкімет басшысын egov mobile сервисімен таныстырды

19 Тамыз 2021, 21:20
6443
Бөлісу:
Мусин Ресейдің Үкімет басшысын egov mobile сервисімен таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Іссапармен келген РФ Үкімет басшысы Мишустинге Цифрлық үкімет офисін көрсеттік, деп жазды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин facebook-тегі парақшасында.

Оның сөзінше, қазіргі таңда ЦҮО-ға шығарылған мемлекеттік органдардың сараптамалық жүйелерінде 50-ден астам ақпараттық базаның мәліметтері өңделеді. 
Офисте функциялар мен бизнес-үдерістердің реинжинирингі жүргізілетін цифрлық трансформациялар орталығы бар. Әріптестеріміз қызметтерді алу процесін жан-жақты талдап, заңнаманы зерделеп, бизнес-үдерістерді жеңілдету жолдарын қарастырып, оң нәтижеге қол жеткізеді, сөйтіп мемлекеттік органдардың тиімділігін арттырады, - деді ол.

Сонымен қатар Мусин egov mobile сервисімен таныстырғанын айтып өтті.

Сондай-ақ egov mobile сервисімен таныстырып, цифрлық құжаттарға өту арқылы қағаз құжаттардан бас тартқанымыз туралы айттық. Мемлекеттік қызметтерді көрсету аясын кеңейту жұмыстары жайлы сөз етіп, назарына Kaspi.kz қосымшасы арқылы көлікті сатуды тіркеу қызметін ұсындық. Әрі қарай Сбер онлайн несиелеу, ал Freedom finance әлемдегі ең алғашқы цифрлық ипотеканы онлайн алу мүмкіндігін көрсетті. Өтінім беруден бастап, несие алуға дейінгі процеске бірнеше сағат қана қажет, - деді министр.

Ол РФ Үкімет басшысын еліміздегі жылжымайтын мүлікті тіркеу үрдісі қызықтырғанын айтады.

РФ Үкімет Басшысын жылжымайтын мүлікті тіркеу үрдісі қызықтырғандықтан, осы қызметке толығырақ тоқталдым. Бұған біздің азаматтар ХҚКО-ға бармай-ақ, нотариустар арқылы қол жеткізе алады. Пәтерді сатып алу-сату процесіне бэкте бірнеше сағат керек, ал азаматтардың 15 минуттай ғана уақытын алады. Сонымен қатар бала тууға байланысты қызметтердің проактивті түрде ұсынылатынын және басқа да қызметтерді проактивке ауыстыру жұмыстары жүріп жатқанын айттық. Өз басым Ресей әзірше мемлекеттік қызметтерді бір көзден - электрондық портал үкіметі арқылы ұсынуға бағыт алған екен деп түйдім, ал біз Kaspi.kz, Сбер, Halyk, Freedom және басқа да цифрлық платформалармен ықпалдастыруға бет бұрдық, - деп қорытындылады ол.

Өзгелердің жаңалығы