Мусин: IT бір жылда 330 млн доллар пайда әкелді

13 Қыркүйек 2023, 13:22
608
Бөлісу:
Мусин: IT бір жылда 330 млн доллар пайда әкелді
Фото: автордан

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Бағдат Мусин 2026 жылға қарай IT экспорттың үш есе артатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

IT экспортты дамыту жолында компаниялар арнайы өнімдер дайындайды. Олар: веб-сайттар, платформалар, стартаптар. Өнімдерді дамыту барысында қазақстандықтар жұмысқа орналасады. Сол себепті IT саласының дамуы аса маңызды, - деді ведомство басшысы үкімет отырысынан соң өткен брифингте.

Мусиннің сөзінше, қазіргі таңда бұл бағытта мамандар даярланып жатыр.

Елімізден әрбір IT өнім экспортқа шыққан кезде ол шетелден қаражат түсіреді. 2022 жылы осындай өнімнен бір жылда 330 млн доллар көлемінде экономикамызға пайда түсті. 2026 жылға қарай бір млрдқа жеткізуді көздеп отырмыз. Пайданы үш есе арттырумыз керек. Ол бағытта жұмыс атқарып жатырмыз, - деді Бағдат Мусин.

Өзгелердің жаңалығы