Мусин ипотеканы жеңілдету туралы Маминге уәде беріп кетті

17 Қараша 2020, 17:18
1825
Бөлісу:
Мусин ипотеканы жеңілдету туралы Маминге уәде беріп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда болашақта ипотека Blockchain технологиясы арқылы рәсімделетін болады. 

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

Ипотекаға пәтер сатып алғанда, кепілді тіркеу қажет. Бүгінгі таңда банктен құжаттарын алып, оларды ХҚКО-ға ұсыну қажет. 3 жұмыс күннен кейін ХҚКО-дан құжаттарды алып, оларды қайтадан банкке кері қайтару керек. Содан кейін ғана ипотека беріледі. Рәсімдеу кезіндегі бюрократияны шешу үшін Blockchain технологиясын қолдандық. Осы күрделі процесті тек сынақ форматында автоматтандырылды. Бұл бізге қандай мүмкіндіктерді берді? Ипотеканы ресімдеу мерзімдерін қысқарту және клиент деректерінің сақталуы. Мұндай жобалар басқа банктермен де іске асырылатын болады және құрылыс компаниялары да осы технологияға қызығушылық танытып, процеске тартылады деп үміттенеміз, - дейді Бағдат Мусин.

Одан бөлек, министрлік автокөлікті сатып алу-сату процесін өзгертті. Енді сатып алушы ақшаны сатушының шотына аударғаннан кейін деректер базасында бірден автокөлік иесін өзгертуге болады.

Өзгелердің жаңалығы