Мусин интернет сапасы туралы: Министрлік мұндай шаруамен айналыспауы қажет

13 Қыркүйек 2023, 12:03
934
Бөлісу:
Мусин интернет сапасы туралы: Министрлік мұндай шаруамен айналыспауы қажет
Фото: автордан

Бұл туралы үкімет отырысынан соң брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Цифрлық даму министрлігі байланыс операторларымен тығыз байланыста. Біз екі аптада бір рет жиналыс өткіземіз. Онда қанша базалық стансалар қондырылғанын және қаншасы қайта жөндеуден өткені туралы есеп алынады. Негізі біздің министрлік мұндай шаруамен айналыспауы қажет. Неге? Өйткені оператор бизнесі - нарық. Сондықтан бұл нарықта жеке меншік иелері әркез болған. Олар клиенттерді тарту үшін сапалы интернетпен қамтамасыз етіп, өзара бәсекелестіке түсуі қажет, – деп түсіндірді ведомствао басшысы.

Сондай-ақ Мусин интернет сапасы жағынан қиындық өзінде де болатынын айтты.

Осыған қоса "Астана интернет жылдамдығы жағынан Токионы басып озды" деген Бағдат Мусин мәлімдемесіне қатысты сұраққа жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы