Мусин 100 мың IT-маманды қалай даярлайтынын айтты

9 Маусым 2023, 10:42
1257
Бөлісу:
Мусин 100 мың IT-маманды қалай даярлайтынын айтты
Фото: aifnews2023

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астана халықаралық форумында IT саласындағы кадр тапшылығын қалай шешетінін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Біз еліміздегі талантты дейтін жастарды және жеке компаниялардың идеясын дамытуға мүмкіндік жасаймыз. Біздің мақсатымыз талантты жастарды тарту. Елімізде жыл сайын жеке ІТ-мектептерде білім алу үшін IT-ваучерлер беріледі. Яғни елімізде әрбір бала IT саласында білім ала алады. Біз былтыр 3 мың ваучерді бөлдік. IT саласы көпсалалы болғандықтан бізге әлі де мамандар қажет екені рас. Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр. 2025 жылға дейін 20 мың IT-ваучер берілетін болады, - деді Бағдат Мусин.

Сондай-ақ Astana Hub сегіз стартапты шетелдік инвесторлардың назарына ұсынды.

Цифрлық хаб ретінде біздің өңірге деген қызығушылық күн сайын артып келеді. Бірнеше жылдан бері халықаралық нарыққа шыққан қазақстандық стартаптар бәсекелестік ортада қарқынды дамып жатыр. Бүгін потенциалды инвесторлардың назарына ұсынылған ІТ-компаниялардың да экспорттық әлеуеті жоғары, - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Өзгелердің жаңалығы