Мұқашевтың өлімі. Құқық қорғау органдарының 2 қызметкері қамауға алынды

25 Сәуір 2022, 14:57
1298
Бөлісу:
Мұқашевтың өлімі. Құқық қорғау органдарының 2 қызметкері қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Алматы облысында 16 адам қаза болды, оның ішінде 5 құқық қорғау органының қызметкері.6-сы мен 19-ші қаңтар аралығында аталған өңірде террористік қауіптің қызыл деңгейі сақталып, терроризмге қарсы операция жүргізілгенін еске салғым келеді, - деді Қилымжанов. 

Оның айтуынша, осы уақытта қарулы қылмыскерлер құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіруді және шабуыл жасауды жалғастырды.

Осы кезеңде терроризмге қарсы операция жүргізілді, азаматтардың қозғалысының ерекше тәртібі бекітілді және автокөліктерге тексеру жүргізілді. Нақты осы кезеңде, яғни қаңтардың 6-ы мен 8-і аралығында азаматтардың қаза болу фактілері тіркелді, олардың барлығы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, - деді ол. 

Ол Мұқашевтің өлімі туралы айтты.

Мұқашевтің өліміне әкеп соққан ұрып-соғу фактісі бойынша тергеумен арнайы прокурорлар айналысуда. Осы іс бойынша соттың санкциясымен құқық қорғау органдарының 2 қызметкері қамауға алынды, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы