Мұқанова: ЕАЭО аясында зияткерлік меншіктің құқығын қорғау маңызды

23 Маусым 2023, 11:35
1873
Бөлісу:
Мұқанова: ЕАЭО аясында зияткерлік меншіктің құқығын қорғау маңызды
Фото: автордан

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова зияткерлік меншіктің қалай қорғалатыны жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Өндірістік және логистикалық үдерістердің еуразиялық интеграциясының жаңа жағдайындағы стратегиялық бизнесті дамыту. ЕАЭО елдерінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен қорғаудың тиімді жолдары» тақырыбында халықаралық семинар өтіп жатыр.

Семинарда Әділет вице-министрі ЕАЭО аясында зияткерлік меншіктің құқығын қорғау маңызды екенін жеткізді.

Жаһандық әлемде елдер арасындағы ынтымақтастықтың маңызы зор. Оның ішінде ЕАЭО аясында зияткерлік құқықты қорғау аса маңызды. Біздің саясатымыздың басты бағыттарының бірі - бизнесті дамыту мен интеллектуалдық меншікті қорғау, - деді вице-министр семинарда.

Мұқанованың сөзінше, бизнесті қорғауды жетілдіруді осындай алаңдарда талқылау керек.

Сондай-ақ ЕАЭО елдерінің аумағында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен практикалық тетіктерін талқылау және құқық қолдану практикасының ұлттық ерекшелігі талқыланады, - деп атап өтті Әділет министрлігінің өкілі.

Айта кетсек, сала сарапшылары семинарда ЕАЭО елдерінің аумағында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен қорғаудың практикалық тетіктерін талқылау және құқық қолдану тәжірибесінің ұлттық ерекшеліктерін талқылап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы