Мұнайлы өңірде жолдардың жағдайын жақсартуға ден қойылады

25 Наурыз 2023, 18:19
976
Бөлісу:
Мұнайлы өңірде жолдардың жағдайын жақсартуға ден қойылады
Фото: azh.kz

Жергілікті билік аудандық, облыстық маңызы бар жолдардың жалпы жағдайын 76 пайызға дейін жақсартуды көздеп отыр. Оған өткен жылы қазынадан 38 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Жауаптылар биыл  32 елдімекендегі 120 шақырымға тарта автомобтль жолын жөндеуді жоспарлап отыр. Өңірдегі көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатындағы бұл жұмысқа 22.9 млрд теңге қаралған. Атап айтқанда, Махамбет ауданында ауылішілік автомобиль жолының екінші кезеңі басталса, Мақат ауданында кентішілік жолдар қайта жаңғыртылады. 

Бұл екі ауданнан бөлек Құрманғазы мен Қызылқоға ауданындағы бірнеше ауылда да ауылішілік жолдар жаңартылады. Қазірдің өзінде Миялы мен Сағыз ауылдарындағы жол құрылысының жұмыстары жалғасып жатыр. Исатай ауданындағы Тұщықұдық, Аққыстау, Зинеден мен тағы бірнеше ауылда автомобиль жолдары жаңғыртылады. Жыл аяғына дейін жолдардың жағдайын 76 пайызға дейін жақсартуды көздеп отырмыз,-дейді Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы С.Айтқалиев. 

Өңірдегі автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 3052 шақырым. Оның 1927 облыстық және аудандық маңызы бар жолдар. Бүгінде бұл жолдың 72 проценті, яғни  1387-cі  жақсы және қанағаттанарлық деңгейде. 

Қала ішінде де жолдың жылы қолға алынады. 2023 шаhар аумағындағы және шетіндегі жолдарды қайта жаңғырту үшін 9.7 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде 4.2 млрд теңгесіне, Азаттық, С.Датов, Атырау-Дамбы, Балықшы, Зарослый, Тайманов және тағы басқа көшелер мен ықшам аудандарға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. 

Ал қаржының 4.61 млрд теңгесіне жаңа жол салынады. Бұл тізімде Еркінқала, Еркінқала-2, Балауса, Ракуш, Алмалы, Томарлы ауылдары да бар.

Бюджеттен қаралған ақшаның 892 млн теңгесіне жаяу жүргіншілер жолы салынбақ.

Айта кетсек, қазір қаладағы орталық көпірдің де тозығы жеткен. Аз уақытта шұрық-тесік қалпына оралатын көпір қазір күрделі жөндеуді қажет етеді. Әзірге көлік жүргізушілеріне қолайсыздық тудырған жерлерді биліктегілер кірпішпен жамап қойыпты. Әзірге күрделі жөндеудің қашан басталатыны белгісіз. Көпірді қалыпқа келтіруге бюджеттен 1 млрд теңге бөлініпті. Ал жалпы қала ішіндегі ағымдық жөндеуге, шұрық-тесік көшелерді реттеуге 250 млн теңге жұмсалмақ. 

Жырға айналған «Атырау-Астрахань» бағытындағы жолда да екі бағыт бойынша жұмыс жүріп жатыр. Қазір «Ақтөбе-Атырау» бағытындағы 128 шақырымында асфальт жабындысы төселіп, қозғалыс ашылған. Жауаптылар

ұзындығы 277 шақырым болатын жолды жыл аяғына дейін тапсырамыз деп бекініп отыр. Алайда жұмыстың кешікпейтініне кепілдік жоқ. 

Өзгелердің жаңалығы