Мұнайлы ауданындағы провизорлық орталық жабылды

26 Тамыз 2020, 06:29
1568
Бөлісу:
Мұнайлы ауданындағы провизорлық орталық жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау-5 елді мекенінде орналасқан провизорлық орталық жабылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Арнайы стационар 4 шілде күні ашылған. Екі айға жуық уақыт жұмыс істеген орталықта 684 "Covid-19" вирусын жұқтырған науқас емделіп шықты. Оның 394-і амбулаторлық емге жіберілді. Ауыр жағдайда 35 науқас облысқа жолданды. 251 науқас қабылданып, оның 28-і облыстағы провизорлық орталыққа барды.

Жалпы, Мұнайлы ауданы бойынша 24 сәуірден 25 тамызға дейін коронавирус ауруына шалдыққан 481 адам, пневмониямен 74 жағдай тіркелді. Қазір коронавирус (Covid-19) ауруына шалдыққан 22 адам, пневмониямен ауырған 47 адам амбулаторлық ем қабылдауда.

Сондай-ақ, Жаңаөзенде "Covid-19" вирусын жұқтырған соңғы науқас емделіп шықты. Қаладағы инфекциялық госпитальде 200-ден астам науқас ем қабылдаған. Дегенмен, дәрігерлер тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. Өйткені, қазір провизорлық орталықта 10 адам пневмония диагнозымен ем қабылдап жатыр.

Әлде де босауға болмайды. Себебі, коронавирусты инфекцияның маусым, шілде, тамыз, айларында халыққа тиген зардабының шет жағасын көрдіңіз. Соны қайталамау үшін, халыққа зардабын шектірмеу үшін біз қазір сақ болуымыз қажет. Адам көп шоғырланатын жерлерде той-садақаларға халықтың әлде де бармағаны дұрыс. Күз айларында жедел респираторлы инфекциямен қоса коронавирусты инфекция болады деген болжам әлі де сейілген жоқ. Сондықтан халқымыздың сақ болғаны дұрыс, - деді Жаңаөзен қалалық бас дәрігерінің міндетін атқарушы Жаңабай Оңайбаев.
Қазір Жаңаөзенде провизорлық стационарлардың материалдық-техникалық базаларын жақсарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта "Мұнайшы" клиникасында 60 төсек провизорлық стационар жасақталып жатыр. Онда компьютерлік томография мен рентген аппараттары сатып алынуда. Бұл мақсатқа демеушілер есебінен 1 млрд 246 млн теңге қарастырылып отыр.
Өзгелердің жаңалығы