Мұнайды шетелге сатудан өңдеуге көшетін уақыт келді – депутат

18 Қаңтар 2023, 12:25
1884
Бөлісу:
Мұнайды шетелге сатудан өңдеуге көшетін уақыт келді – депутат
Фото: egemen.kz

«Ақ жол» фракциясының депутаты Серік Ерубаев Энергетика министрі Болат Ақшолақовқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазақстан экономикасы мұнай-газ саласына тым тәуелді екендігі жасырын емес. Мемлекет бюджеттің 44 пайызына жуығы осы саланың үлесінде. Бірақ бүгінгі күні өндірілетін мұнайдың 80 пайызы шикі мұнай түрінде экспортқа шығарылады.Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылы мұнай өндіру көлемі 85,7 млн тонна, оның 67,6 млн тоннасы экспортқа шығарылып, тек 17,1 млн тоннасы ғана өзімізде өңделді, - деді Ерубаев. 

Оның айтуынша, біртіндеп шикі мұнайды шетелге сатудан, оны өңдеуге көшетін уақыт келді.

Жыл сайын, дәл егін егу немесе астық жинау маусымдарында дизель жетіспейтіндігі жасырын емес. Бұл құбылыс туралы көптеген талқылау болды. Мұнай өңдеу қуаттарының тапшылығы осының түпкілікті себебі екендігі анықталып отыр. Қазақстандағы ірі үш мұнай өңдеу зауыттары негізінен жоғары октанды бензин өндірісіне бағытталған. Ал, еліміздің экономикамыздың күре тамыры болып  саналатын дизель отынының өндірісі сол деңгейде қалды, - деді депутат.

Оның пікірінше, елімізді жанармаймен қамтамасыз ету мәселесін, қазақстандық үш ірі зауытты жаңғырту да шеше алмады. 

Былтырңы тамыз айында апат салдарынан Атырау зауыты тоқтатылды, содан кейін техникалық себептермен  Шымкент зауыты да тоқтады. Ғажайып болған жоқ: дефицит одан әрі күшейді.2021 жылы дизель отынының жетіспеушілігін жабу үшін, жоғары бағамен 450 мың тоннадан астам дизель импортталғанын ескеру қажет.Алайда елімізде алпауыт үш мұнай өңдеу зауытынан басқа, жылына 6,5 млн. тонна шикізат өңдей алатын отыздан астам аз көлемде мұнай өңдеу зауыттары бар. Бірақ бұл кәсіпорындар түрлі себептермен еліміздің экономикасына толыққанды жұмыс жасамай жатыр. Әрине, бұл зауыттар әзірше сапасы жоғарғы октанды жанармай шығара алмайды. Бірақ, олардың өндірісі қара түсті мұнай өнімдерін, атап айтқанда, бізде тапшы болып отырған дизель отыны, мазут, битум шығаруға жарайды, - деді Серік Ерубаев. 

Депутат жоғарыда аталған мәселеге байланысты келесідей ұсыныс жасады:

- Мұнай газ өндіруге бағытталған мемлекет ресурстарын азайтып, оларды қазба байлықтарды өңдеуге бағыттауды;

- Қазақстан Республикасында мұнайды шикізат түрінде экспортауды және мұнай өнімдерінің тапшылығын азайту мақсатында, мемлекет тарапынан шағын мұнай өндейтін зауыттарының өнім сапасы мен көлемін ұлғайту әрекеттеріне жан жақты қолдау көрсетіп, толығымен пайдалануды ұсынады.

Өзгелердің жаңалығы