Мұнай қымбаттап, доллар арзандауда: Нарықтағы ахуал қандай?

31 наурыздағы биржа саудасының қорытындысы бойынша ұлттық валютамыз нығайып, америкалық валютаның бағамы айтарлықтай төмендеді.

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 16:03
Бүгiн 2026, 16:03
245
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) соңғы мәліметтерге сүйенсек, доллар бағамы 478,77 теңгені құрады. Бір тәулік ішінде шетелдік валюта 2,7 теңгеге арзандады. Бұл теңгенің сыртқы факторлар әсерінен нығая бастағанын көрсетеді.

Мұнай нарығындағы серпін

Теңгенің нығаюына әлемдік нарықтағы мұнай бағасының өсуі тікелей әсер етіп отыр. Қазіргі уақытта ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері барреліне 114,77 долларды құрады.

Айырбастау пунктеріндегі бағалар

Биржадағы өзгерістерден кейін Қазақстанның айырбастау пунктерінде валюталардың орташа бағамы келесідей белгіленген:

  • Доллар: сатып алу – 474-478 теңге, сату – 479-481 теңге;

  • Еуро: сатып алу – 548-550 теңге, сату – 556-559 теңге;

  • Рубль: сатып алу – 5,8-5,9 теңге, сату – 5,93-5,95 теңге.

Еске салсақ, кеше Қазақстандағы доллар бағамы 482 теңгеден асты. 

Наверх