Мұнай өнімдерін заңсыз сатқан қарағандылыққа үкім шығарылды

15 Маусым 2022, 11:10
1349
Бөлісу:
Мұнай өнімдерін заңсыз сатқан қарағандылыққа үкім шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Мұнай өнімдерін шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз заңсыз иемдену, сақтау және өткізу фактісінің жолын кесті.

Шмидт С.В. өз үйінің аумағындағы гаражда құжатсыз мұнай өнімдерін сақтау және өткізу үшін үш цистернаны пайдаланғаны анықталды. 

2021 жылы ол дизельдік отынды тасымалдауға және өткізуге заңдылығын растайтын құжаттарсыз әрқайсысының көлемі 1000 литр болатын екі цистерна орнатқан жүк-жолаушы типті көлікті қайта жөндеуден өткізді. 

Шмидт С.В., «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу» туралы заңның талаптарын бұзған, яғни мұнай өнімдерін олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алу, сақтау және өткізуді іске асырған.

Сот үкімімен Шмид С.В. қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындай отырып, қылмыстық құқық бұзу жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот шешімімен тінту кезінде табылып, тәркіленген дизельдік отын мемлекет пайдасына айналдырылды.

Өзгелердің жаңалығы