Мұнай компаниясы рейдерлік басып алудың құрбанына айналғанын мәлімдеді

20 Қаңтар 2021, 15:58
1965
Бөлісу:
Мұнай компаниясы рейдерлік басып алудың құрбанына айналғанын мәлімдеді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «БатысНефтеТрэйд»  ЖШС-нің директоры Берік Боранбаев Алматыда өткен баспасөз конференциясында айтты. 

Аталған компанияның басшылығы қоғамның, Үкіметтің және құқық қорғау органдарының назарын 2 жыл бойы еліміздің батысында болып жатқан әкімшілік пен сотты пайдалана отырып, мүлікті рейдерлік жолмен тартып алу ісіне аударғысы келеді.

Рейдерлік басып алудың құрбанына айналып отырған «БатысНефтеТрэйд» ЖШС-нің меншігінде құны бір миллиард теңгеден асатын және қазіргі нарықта құны шамамен 2 млрд теңге болатын 13 мың тоннадан астам шикі мұнай мен мұнай өнімдері бар екен. 

Б. Боранбаевтың айтуынша, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен қылмыстық қудалау органдарының іс-әрекеттері арқасында мүлікке меншік құқығын «Terminalex» ЖШС-і пайдасына алу жүріп жатыр.

Бұл жағдай 2017 жылдың қараша айынан басталды, яғни «БатысНефтеТрэйд»  ЖШС-і мен «Terminalex» ЖШС-і арасында жүк тасымалы және оны уақытша сақтау бойынша жасалған келісімшарттан кейін. 2018 жылдың ортасында Мағыстау облыстық Экономикалық тергеу департаменті «БатысНефтеТрэйд»  ЖШС-нің басшылығына қатысты іс қозғалды. Нәтиженсінде компанияның қоймалары мен мүлкіне уақытта тыйым салынды. Дегенмен 2018 жылдың желтоқсан айында заңбұзушылық болмағандықтан іс тоқтады. Тексеріс бітіп, қоймаларды ашуға рұқсат етілгенде «Terminalex» ЖШС-і мүлікті беруден бастартып, 300 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуді талап етті. Бұл келісімде көрсетілгендей қызметті қамтамасыз етпедіңдер деген сыңайда жасалды, - дейді Боранбаев.

Оның айтуынша, «Terminalex» ЖШС-і келісімшартта көрсетілген қызмет түрлерінің барлығын атқарудан бастапқы кезде-ақ бастартқан.

Олар айтып отырған қарыз ойдан құрастырылған. «БатысНефтеТрэйд»  ЖШС-нің мүлкі Terminalex» ЖШС-нің қоймасында неліктен сақталды дегенге келсек, ол заңсыз бұғатталу мен «Terminalex» ЖШС-нің мүлікті өзі заңсыз ұстауымен болды. Оның үстіне біздің компанияға салынған арест көптеген шығын әкелді, біз несие берушілер мен жұмысшылар алдында міндетімізді атқара алмадық, - дейді «БатысНефтеТрэйд»  ЖШС-нің директоры.

Компания басшылығының пікірінше, прокуратура органдары сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтың айқын белгілері кезінде рейдерлік басып алуға ықпал етіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы