Мұнай-газ жобалары аясында 20 мыңдай жұмыс орны құрылады

3 Мамыр 2022, 13:52
1428
Бөлісу:
Мұнай-газ жобалары аясында 20 мыңдай жұмыс орны құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2022-2025 жылдар аралығында 2,5 мың тұрақты және 12 мың уақытша жұмыс орнын құру көзделіп отыр.

Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» Ұлттық жобасы аясында 7 жобаны жүзеге асыруды көздейтін мұнай-химия кластерін құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Олардың құрылысы Атырау мен  Батыс Қазақстан облыстарында жүргізіліп жатыр. Биыл қуаттылығы жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауытты іске қосу жоспарланып отыр. Былтыр Қашағандағы қуаттылығы 1 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылысы басталған болатын. Ол  құрылыс 2024 жылы аяқталады деп отырмыз.  Сондай-ақ қуаттылығы жылына 1 млн тоннаға жуық полиэтилентерефталат, қуаттылығы 1,25 млн тонна/жыл полиэтилен және 186 мың тонна бутадиен өндіру бойынша келесі ірі жобаларды іске асыру басты назарда болмақ, - деді Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Ведомства басшысының атап өтуінше, өз кезегінде бұл жобаларды іске асыру 2022-2025 жылдар аралығында 2,5 мың тұрақты және 12 мың уақытша жұмыс орнын құруды көздейді.

Өзгелердің жаңалығы