Мұнай бағасының өсімі теңгенің нығаюына әсер етті

10 Маусым 2021, 10:27
1822
Бөлісу:
Мұнай бағасының өсімі теңгенің нығаюына әсер етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.

Оның айтуынша, мамырда мұнай бағасының қалыпты өсуі және салықтық төлемдер кезеңі аясында теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 428,71 теңгеге дейін 0,1%-ға нығайды.

Геосаяси жағдайдың жақсаруы және орталық банктің негізгі ставкасының өсуінен кейін Федералдық қарыз облигациялары кірістілігінің нақты ставкасының өсуі аясында Ресей рублінің бір АҚШ доллары үшін 73,4 рубльге дейін 2,4%-ға нығайғаны байқалды, - деді ол.

Сонымен қатар, мамырда мемлекеттік бағалы қағаздарға, оның ішінде Ұлттық банктің ноттарына шетелдік инвестициялардың әкелінуі қайта жанданды, олар бір айда 99 млрд теңгеге өсті.

Жергілікті оң факторларға қарамастан, дамыған елдердегі ақша-кредит талаптарының өзгеруі дамушы нарықтар валюталарының, оның ішінде теңгенің динамикасына әсер етуді жалғастыруда. 9 маусымдағы жағдай бойынша теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 426,75 теңге деңгейінде қалыптасты, - деді Ұлттық банк төрағасы.


Өзгелердің жаңалығы