Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты. Оның айтуынша, елімізде мүмкіндіші шектеулі жандарды қолдауға арналған 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар бар. Соның аясында үлкен заң жобасын әзірледік. Ол кеше ғана Парламент Мәжілісінде қолдау тауып Сенатқа жіберілді. Бұл заңда мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау үшін бірқатар өзгерістер енгізіліп жатыр. Соның бірі, бірінші топтағы мүгедекігі бар азаматқа сырқатының түріне қарамастан күтуші үшін ақы төлеуді енгізу. Екінші 7-16 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды мүгедектік бойынша топтарға бөлу. Топтарға бөлу кезінде санат бойынша олардың жәрдемақылары өсетін болады. Мұндағы мақсатымыз балалардың ауру деңгейіне байланысты оңалту шараларына қажетті шығындарының дифференцациясын жасау. Әр топ ауру деңгейі мен шығындарына байланысты жәрдемақы алатын болады. Тағы бір өзгеріс, бұған дейін мүмкіндігі шектеулі бала тәрибелеп отырған отбасылар үй кезегіне тұра алатын, алайда бала 18-ге толған соң кезеккке өз атынан тұруы тиіс болатын, осылайша бала есейгенше кезектері келмей қалған отбасылар, тағы күтуге мәжбүр болатын. Бұл заңда осы алғаш қойылған кезекті сақтап қалу мәселесі қарастырылған, - деді Серік Шәпкенов. Оның айтуынша, жұмыс барысында мүгедек болып қалған азаматтарға қатысты да бірқатар өзгерістер енгізілмек. Қызмет барысында мүгедек болып қалған азаматтың қажетті құралдары мен шығындарын жұмыс беруші өтеуі тиіс. Мемлекет тек жұмыс беруші банкрот болып қалған жағдайда ғана шығындарды өтейтін. Алайда банкрот процесі өте ұзаққа созылатындықтан, осы аралықта мүгедек болып қалған азамат қолдаусыз қалып жатады. Жаңа заңда ұзаққа созылған банкрот процесі кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтың емге қажетті шығындарын мемлекет өтейтіндей жағдайлар қарастырылған, - деді ол.