Шымкент гарнизонында 900-ден астам әскери маман даярлануда

14 Маусым 2021, 12:58
1845
Бөлісу:
Шымкент гарнизонында 900-ден астам әскери маман даярлануда
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскерилерде оқудың жазғы кезеңінің басталуымен осы жылдың көктемінде Шымкент гарнизонының әскери бөлімдеріне шақырылған жас сарбаздар үшін әскери қызметшілердің барлық санаттарымен бірге мамандық бойынша дайындық басталды.

Дайындық әрбір әскери мамандық бойынша жеке жүргізіледі және ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін жалғасады. Жас жауынгерлер функционалдық міндеттерін, сеніп тапсырылған штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, сондай-ақ оларды дұрыс қолдану тәртібін үйренеді.

Әскери қызметшілер оқу топтарының құрамында шұғылданады. Оқытуды тәжірибелі маман-нұсқаушылар жүргізеді.

Шымкент гарнизонында 900-ден астам әскери маман даярлануда

Шымкент гарнизонының бөлімдерінде мамандықтар бойынша барлығы 90-нан астам оқу топтары құрылды, сондай-ақ 100-ден астам тәжірибелі сержант-нұсқаушылар іріктеліп, олармен нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді. Сабақтарды сапалы өткізу үшін оқу-материалдық база дайындалды, – деп атап өтті механикаландырылған бригада командирінің орынбасары подполковник Ерден Ахметов.
Шымкент гарнизонында 900-ден астам әскери маман даярлануда

Т-72 танкінің командирлерін, механик-жүргізушілерін, нысанашы-операторларын және жаяу әскердің жауынгерлік машинасын оқыту үшін тренажер кешендері қолданылады. Жеке құрамды оқ атуға үйрету және оқ-дәрілерді жұмсамай ату шеберлігін арттыру мақсатында «ПРОФИ-2» мультимедиялық панорамалық тренажер пайдаланылады. Олар нұсқаушыға нақты уақыт режимінде оқу процесін бақылауға, аймақтың әртүрлі жағдайларын модельдеуге, ауа райы мен күннің уақытын өзгертуге мүмкіндік береді.

Оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау үшін дайындық аяқталғаннан кейін әскери қызметшілермен оқу пәндері бойынша бақылау сабақтары өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы