Мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуетіне инвестиция салуымыз керек – Қалтаева

26 Қараша 2021, 18:10
1219
Бөлісу:
Мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуетіне инвестиция салуымыз керек – Қалтаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматыда өткен Азаматтық форумда «Шырақ» қауымдастығының жетекшісі Ләззат Қалтаева айтты.

30 жыл -өткенге көз жүгіртіп, бүгін не болып жатқанын бағалай алатын, ең бастысы, болашаққа мақсат пен стратегияны құра алатын тамаша сәт. Біз «мүгедек» деген ескірген, оның үстіне кемсітушілік термині де тарихта қалып, «бастапқыда адам» - «мүгедектігі бар» терминіне сәйкес келетін жаңа термин кірігетін кезеңде тұрмыз. Мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтардың қозғалысы үшін бұл неліктен маңызды? Жаңа термин мүгедектік саясатына жаңа көзқарас болып есептеледі, - деді ол.

Қалтаева әлеуметтік көмек көлемін көбейту арқылы ғана әрқайсымыздың барлық қажеттілігімізді жабу ең дамыған елде де мүмкін емес.

Біз мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуетіне инвестиция салып, олардың құзыреттілігін дамытып, ашық еңбек нарығына шығаруымыз керек. Адам өз дағдыларын ұмытпай, жұмысқа тезірек оралуы үшін оңалту қысқа әрі тиімді болуы керек. Бұл бағытта біздің ұйымдар жұмыс істеп жатыр және біз оларға қолдау көрсетуіміз керек. Таптаурын мен теріс пікірді бұзу, қорқыныш пен сенімсіздікті жеңуге көмектесу керек. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ғана емес, жұмыс берушілер мен бүкіл қоғам үшін осы істі атқару керек. Мүмкіндігі шектеулі адамдар ресурс бола алады және болуы керек. Мұны халықаралық тәжірибе дәлелдеп отыр. Мен сайлау учаскелері туралы жоғарыда айттым, бірақ біз мүмкіндігі шектеулі адамдарға тек сайлауға ғана емес, сайлануға, мемлекетті басқаруға қатысуға, оның дамуына үлес қосуға тең мүмкіндіктерге ие болуы керектігі туралы көбірек айтып жатырмыз. Кедергісіз қоғамды құруға үлес қосыңыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы