Әлеуметтік мүмкіндігі шектеулі топтарды қолдау қоры құрылады

13 Ақпан 2019, 19:56
3516
Бөлісу:
Әлеуметтік мүмкіндігі шектеулі топтарды қолдау қоры құрылады

Алматы, BAQ.KZ. «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы фракциясының жетекшісі Мұрат Әділхановтің Алматыда әлеуметтік мүмкіндігі шектеулі топтарға қолдау көрсету қорын құру жөніндегі ұсысына үн қосқан алматылық бизнесмендер бүгін 35 миллионға жуық теңге жинады.

Бастамашы өзінің сөзінде «Бақытты отбасы» жаңа қоғамдық қорының көмекке зәру жандарға адрестік көмек ретінде берілетін демеушілер қаржысынан құрылатынын айтты.

«Әрине, қазір жалпы әлем бойынша бизнес үшін күрделі жағдай қалыптасқан, дегенмен, әркім көмек қолын созуға дайын деп ойлаймын. Мен өзім көпбалалы отбасында өстім, сондықтан олардың жағдайын жақсы білемін. Біз қазір жеке көмек көрсетудеміз, ал бұл аз. Демек, бірігіп, қалалық үлкен қор құру қажет, сонда ғана біз көп отбасыларды қамти аламыз», - деді партияның қалалық филиалының кезектен тыс конференциясында Мұрат Әділханов.

Өз кезегінде алматылық бизнесмендер ұсынысқа қолдау білдірді. Олардың арасында Мұрат Әділхновтың өзі, «Q3 Worldwide» инвестициялық холдингтің бас директоры Қайрат Құдайберген, «Kassanov Investment group» президенті Зиятдин Касанов, «Metall Prom» ЖШС бас директоры Абдухалил Долкунтай, «Алматыинжстрой» АҚ бас директоры Асхат Шілікбаев және басқалары бар.

Мұрат Әділханов қордың барынша ашық болатынын айтты. Барлық шығындар құрамына депутаттар, қоғам белсенділері, журналистер, блогерлер мен тұрмысы төмен отбасылар өкілдері енген бақылау кеңесінің назарында болады. Қазақстандық журналист әрі көпбалалы аналардың құқығын қорғаушы Сәуле Әбединоваға Қордың бақылау кеңесінің мүшесі болу ұсынылды.

Айта кетерлігі, бұрындары Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының кезектен тыс конференциясында тұрмысы төмен көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы, адрестік көмек, әлеуметтік төлем, демеушілік көмек, еңбекпен қамту сынды қолдау көрсету жүйесінің бірқатар қалалық шараларын айтқан еді.

Сонымен, Алматыда көпбалалы отбасыларға заңнамалық және психологиялық кеңестер беріп, реабилитациялық көмек көрсететін «Бақытты отбасы» орталығы құрылады. Бұл бір терезе қағидасы бойынша жұмыс жасайтын сервистік орталық болып табылады, осы арқылы көпбалалы аналар жұмыспен қамтылады.

Бұдан өзге, Бауыржан Байбек 4 және одан көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасылар үшін алғашқы жарна төлемін субсидиялауды жергілікті бюджет есебінен жүргізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың екінші баласынан бастап бала бақша шығындарын төлеу де қарастырылады.

Қала әкімі мүгедек балаларды үйде оқыту мен өмірлік қиын жағдай кезінде берілетін бір реттік адрестік әлеуметтік көмек көлемін ұлғайту шараларын қарастыруды тапсырды.

Бұлардан өзге, көпбалалы отбасылардың үйлеріне ыстық және суық су есептегіш қондырғыларын орнатуға кететін шығындарды қоса есептей отырып, адрестік көмектің көлемін ұлғайту шаралары қарастырылады.

Өзгелердің жаңалығы