Мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтар жаңа мамандықтарды игерді

11 Тамыз 2022, 16:03
1473
Бөлісу:
Мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтар жаңа мамандықтарды игерді
PHOTO

Оқыту «Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ақпараттық-кеңес беру қызметі» әлеуметтік жобасы аясында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жеңіс» ҚБ «Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ақпараттық-кеңес беру қызметі» жобасын жүзеге асырады. Ол мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтену мүмкіндіктері туралы хабардар етуге, оларға өмірге бейімделуге және қоғамға интеграциялануға көмек көрсетуге бағытталған.

Мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтар жаңа мамандықтарды игерді

Бүгінгі таңда жоба аясында республика бойынша мүгедектігі бар 80-нен астам адам еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игерді.

Курстарға Қазақстанның барлық өңірлерінде тұратын мүгедектігі бар қазақстандықтар қатысты. Маусым және шілде айларында біз  «Мақсатты жарнама элементтерімен СММ», «Таргетинг», «Графикалық дизайн», «Бухгалтер» сияқты сұранысқа ие мамандықтар бойынша онлайн курстарды ұйымдастырдық. Курстан өткендігі туралы сертификаттарды мүгедектігі бар 87 адам алды, - дейді жоба жетекшісі Айгүл Хасанғалиева.

Мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтар жаңа мамандықтарды игерді

Сонымен қатар, жоба аясында Орал мен Ақтөбеде мүгедектігі бар өңір тұрғындары оффлайн форматта «Аспаз» және «Тігінші» мамандықтарын игерді. Рудный қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін дәнекерлеуші, ағаш кесуші, ұста, аспаз, жиһаз жинақтаушы сияқты мамандықтар бойынша курстар өткізілді.

Мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтар жаңа мамандықтарды игерді

Қазіргі уақытта «Жеңіс» ҚБ командасы консультациялық және ақпараттық жұмысты жалғастыруда,  мүгедектігі бар адамдарға психологиялық қолдау көрсетуде.

«Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ақпараттық-кеңес беру қызметі» жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда. Жоба 2022 жылдың соңына дейін іске асырылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы