Кентаулық мүмкіндігі шектеулі азаматтар 700 келіден астам саңырауқұлақ өсірді

22 Қазан 2021, 14:27
2395
Бөлісу:
Кентаулық мүмкіндігі шектеулі азаматтар 700 келіден астам саңырауқұлақ өсірді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік - салыстырмалы түрде жаңа құбылыс. Бірақ жыл сайын бұл бағыттың өкілдері көбейіп келеді. Мысалы, Түркістан облысының Кентау қаласында шағын аспа саңырауқұлағын өсіру бизнесі ашылды.

Кәсіпорында мүмкіндігі шектеулі Владимир Поздняков және Әділет Елшібек жұмыс істейді. Балалық шақта менингиттен кейін жігіттер саңырау болып қалған. Бірақ бұл олардың белсенді азамат болуына, қоғамға пайда әкелуіне және ақша табуына кедергі келтірмейді.

200 шақырым радиуста біздің ауданда бірде-бір саңырауқұлақ жылыжайы жоқ, сондықтан біздің өнімдеріміз үлкен сұранысқа ие. Бұл өнім әр түрлі жастағы тұрғындар арасында, кез келген отбасында, сондай-ақ кафелерде, барларда, мейрамханаларда танымал. Біздің саңырауқұлақтарымызды пісіріп, қуырып қана қоймай, тұздап, қатырып, маринадтауға да болады, - дейді кәсіпорынды құрған «Эко-Атамекен» қоғамдық бірлестігінің басшысы Гүлнар Ниязова.

Жоба екі жылдан бері жұмыс істеп келеді. Пандемияда мейрамханалар мен кафелердің жұмысының тоқтап қалуына қарамастан, кәсіпорын 700 келіден астам саңырауқұлақты сата алды. Компанияда шағын жылыжай, барлық қажетті жабдық, сондай-ақ өнімді тасымалдауға арналған автомобиль бар.

Біз өз жобамызға өте кәсіби түрде келдік. Ірі қалалардағы табысты тәжірибелерді зерттедік. Алматы мен Астанада саңырауқұлақ жылыжайларының қалай жұмыс істейтінін көруге бардық. Біз жақсы білім базасын жинадық - оңтайлы температура, жарық, ылғалдылық сияқты өндірістік тәжірибе жинақтадық. Біз саңырауқұлақтарымызға не қажет екенін және оларды қалай өсіру керектігін білеміз, - дейді Гүлнар.

Саңырауқұлақтардың ерекшеліктерін кәсіпорын қызметкерлері Владимир мен Әділет жетік меңгерген.

Бұл мүмкіндігі шектеулі жандар үшін таптырмас іс. Владимир мен Әділет бір рет көрсетіп, түсіндіргеннен бәрін түсініп кетті. Саңырауқұлақтарды өсіру - бұл тыныш әрі пайдалы жұмыс. Мұнда балалар өздерін толық түсініп, нормотиптік қызметкерлерге қарағанда жақсы жұмыс істей алады, - деп түсіндіреді Гүлнар Ниязова.

Бұл бизнес «Samruk - Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қазақстандық әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған «Әрекет» жобасының аясында ашылды. Жыл сайын қор жарты миллионнан үш миллион теңгеге дейінгі гранттар конкурсын ұйымдастырады. Үш жыл ішінде 120 коммерциялық емес ұйым пайдалы қоғамдық бастамаларға серпін беретін гранттар алды.

Кентаулық мүмкіндігі шектеулі азаматтар 700 келіден астам саңырауқұлақ өсірді

Жобаның ең негізгі екі шарты бар: жобалар әлеуметтік мәселелерді шешуі және гранттық көмек көрсетілгеннен кейін де өзін-өзі өтей алатын табысты кәсіпорын болуы керек.

Мысалы, екі жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан саңырауқұлақтарды өсіру жобасы өзін-өзі қамтамасыз етіп, мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп келеді.

2021 жылы «Эко-Атамекен» қоры «Әрекет» байқауына қайта қатысады. Құрылтайшылар жобаны кеңейтуге ниетті. Олар жылыжайдың ауданын екі есе ұлғайтып, таймерде жұмыс істейтін жаңа кондиционер мен жаңбыр жамылғысын сатып алуды жоспарлауда.

Қазір «Әрекет» жобасының екінші кезеңі өтіп жатыр. Қатысуға арналған барлық КЕҰ өтінімдері жиналып, конкурстық комиссиямен қаралуда. «Эко-Атамекен» осы кезеңнен өтетін болса, онда жоба қызметкерлері «Акселератор» оқыту бағдарламасынан, ал конкурсқа жаңадан келгендер – «Инкубатор» бағдарламасынан өтеді. Тренингтер әлеуметтік кәсіпкерлік, маркетинг, қаржы және бизнестің құқықтық аспектілері тақырыптарына арналады. Бұдан әрі қатысушылар комиссияға өздерінің соңғы, оқытуды ескере отырып түзетілген жобаларын ұсынады. Үздік идеялар грант жеңіп алады.

Біздің өтінішіміз барлық кезеңдерден сәтті өтеді деп үміттенеміз. Бізде үлкен жоспарлар бар және осы жоспарларды біз тезірек жүзеге асыруға ниеттіміз. Өткен жолы біз байқау аясында жобамызды бастай алдық. Осы жолы «Әрекет» байқауы аясында жобамызды әрі қарай дамытуға ниеттіміз, - деп қорытындылады Гүлнар Ниязова.

Кәсіпкердің айтуынша, қазір әлеуметтік кәсіпкерлік - бұл жаңа тренд. Қазір адамдар тек пайда тауып қана қоймай, қоғамға шабыт беретін және пайда әкелетін бизнеспен айналысқысы келеді.

Өзгелердің жаңалығы