Қазақстанда тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі балалар арасында жарыс өтті

4 Қараша 2019, 16:20
4316
Бөлісу:
Қазақстанда тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі балалар арасында жарыс өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында қараша айында бейімделген спорт бойынша алғашқы Балалар паралимпиядалық ойындар өтті.

Ерекше мүмкіндігі бар 220 бала спорттың 5 түрінен жарысты. "Ерекше" спортшылар елордаға Қазақстан мен Ресейдің түрлі аймақтарынан келді.

фото 2 день (13).jpg

Балалар паралимпиядалық ойындары – бұл "ерекше" балалар арасында бейімделген спорттың келесі түрлерінен жарыстар: бочча, пара үстел теннисі, паратаэквондо, паракаратэ және парачирлидинг. Бұл ретте чирлидинг алғаш рет инклюзивті жарыстар бағдарламасына енгізілді.

фото 2 день (22).jpg

Жобаның мақсаты – ерекше мүмкіндіктері бар балалар арасында бейімделген спортпен шұғылдануға ынталандыруды арттыру, олардың дамуы мен спорттағы жетістіктері үшін жағдай жасау, сондай-ақ қоғамның назарын Қазақстанда бейімделген дене шынықтыруды дамытуға тарту.

фото 2 день (17).jpg

Іс-шараны Samruk-Kazyna Trust Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен "Тең мүмкіндіктер әлемі" мүгедек балалардың ата-аналар қоғамы" ҚБ ұйымдастырды.

Балалар паралимпиядалық ойындарына бейімделген спорт бойынша ментальды бұзылыстары, ДЦП, Даун синдромы бар балалар, сондай-ақ онкологияны жеңген жас спортшылар қатысты.

фото 2 день (9).jpg

Анар Алмасова – үш "ерекше" баланың анасы. Үлкен ұлдары Арыстанбек пен Нариман 17 және 13 жаста. Екі ұл да ментальды бұзылыстар бар. Жыл сайын олар бочча және таэквондомен шұғылданады, тіпті түрлі жарыстарға қатысады.

Спорттың арқасында менің балаларым физикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар зияткерлік жағынан да дамып келеді. Менің кіші ұлым Нариман өте ұзақ уақыт сөйлей алмады, бірақ ол бейімделген дене шынықтырумен айналыса бастаған кезде, хатқа қызығушылық танытып, ол буындарды оқи алатын болды. Осыдан кейін ұлым шыдамдырақ бола бастады, - дейді Анара Алмасова.

фото 2 день (5).jpg

Бейімделген спорт бүгінгі таңда ерекше қажеттіліктері бар балалардың қимыл-қозғалыс бұзылыстарын түзетудің, физикалық және моторлы дамуын ынталандырудың қажетті құралы болып табылады. Біздің елімізде инклюзивті спорт секциялары ашылып, "ерекше" балаларға дене шынықтыруды оқыту әдістемесі әзірленуде.

фото 2 день (6).jpg

Біз елімізде бейімделген спортты дамыту бағытында үлкен әлеуетімізді көріп отырмыз, себебі ол мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамда тиімді әлеуметтенуге және дамуға көмектеседі. Биылғы жылы біздің қолдауымыздың арқасында Қазақстанда алғаш рет бейімделген спорт бойынша оқу құралы жарық көрді және қазір біз осы оқу құралының еліміздің білім беру жүйесіне енгізілуіне тырысамыз, - деп атап өтті Samruk-Kazyna Trust Қоры бас директорының орынбасары Әсел Шілдебаева.

фото 2 день (85).jpg

Балалар паралимпиядалық ойындары барлық Орталық Азияда теңдесі жоқ паралимпиядалық жаттығу орталығының алаңында өтті. Мұнда мүгедектігі бар адамдар үшін спортты қолжетімді ету үшін барлық жағдай жасалған: инфрақұрылыммен қамтылған, арнайы тренажерлер орнатылды.

Өзгелердің жаңалығы