Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмірін жақсартуға арналған марафон өтеді

25 Қазан 2019, 21:34
1319
Бөлісу:
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмірін жақсартуға арналған марафон өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 72 сағаттық "TOM: Nur-Sultan" мейкатон марафоны өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталған марафон Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет өткізіледі. Шараны елорда әкімдігінің қолдауымен "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы және Тель-Авив университетінің достар қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Марафонға барлығы 7 команда қатысады, әр топта 5 адамнан болады. Жарыс Назарбаев Университетінің Fab Lab инновациялық кластерінде өтеді, онда қажетті техникалық және материалдық база бар.
"Негізгі идея жастар арасында интеллектуалдық кластерді дамыту. Мұндай мейкатондар технологияны дамытуға жол береді, біздің алдымызда әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндеті тұрғанын ескерсек, бұл өте маңызды. Осындай бастамалар арқылы мақсатымыздаға жете аламыз", - деді жастар орталығының жетекшісі Шыңғыс Тілеулин.
Тель-Авив университетінің достар қауымдастығының вице-президенті Сәния Арапованың сөзінше, аталған марафон мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың өмірін жақсартуда зор маңызға ие.
"Біздің мақсатымыз  жаңа технологияларды жасап, кейін ол технологияларды өндіріске айналдыратын адамдарды табу, яғни адамдардың дамуына көмектесу", - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы