Мұхтар Тілеуберді Пәкістанның Сыртқы істер министрімен сөйлесті

15 Желтоқсан 2021, 22:20
1416
Бөлісу:
Мұхтар Тілеуберді Пәкістанның Сыртқы істер министрімен сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістан тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Макдум Шах Махмуд Курешимен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

М.Тілеуберді Қазақстанның Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету бойынша халықаралық күш-жігерге қосқан үлесін атап өтіп, ү.ж. 19 желтоқсанда Исламабадта Ауғанстан бойынша Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізудің өзектілігін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы