Сыртқы істер министрі Ж. Боррелмен маңызды келіссөздер жүргізді

23 Қараша 2021, 13:11
1009
Бөлісу:
Сыртқы істер министрі Ж. Боррелмен маңызды келіссөздер жүргізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақтың сыртқы саяси ведомстволары басшыларының 17-ші кездесуіне қатысты.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

ЕО делегациясын Еурокомисияның Вице-президенті және Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл және Халықаралық әріптестіктер бойынша Еуропалық комиссар Ютта Урпилайнен басқарды.

Кездесу кезінде тараптар өңіраралық және жаһандық ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде пандемияның келеңсіз салдарын еңсеруді, өзара сауда мен инвестицияның қарқындарын қалпына келтіруді, өңірдегі ЕО бағдарламалық қызметінің басымдықтарын, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды талқылады.

Сыртқы істер министрі Ж. Боррелмен маңызды келіссөздер жүргізді

Казақстандық делегация басшысы сөйлеген сөзінде ғылым, технологиялар мен инновациялар саласының негізгі рөліне тоқталып, еуропалық тарапқа жаңа өңірлік бағдарламаларын аталған салаларда құрастыруды ұсынды. Қазақстанның бастамасын барлық Орталық Азия мемлекеттерінің өкілдері бірауыздан қолдады.

Қатысушылар денсаулық сақтау, экономика, адам құқықтарын қорғау мен заң үстемдігі салаларында өзара ықпалдастықты кеңейтуге, терроризм, экстремизм және заңсыз есірткі айналымына қатысты өңірлік қауіп-қатерлерді бірге еңсеруге, шекараларды басқару мен құқық қорғау органдары арасындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ ауған проблемасының шешу жолдарын бірлесе пысықтауға өзара мүдделілігін растады.

Сыртқы істер министрі Ж. Боррелмен маңызды келіссөздер жүргізді

Бұған қоса, өңірдің орнықты даму, соның ішінде трансшекаралық су ресурстарын рационалды пайдалану, экология және климат өзгеруінің проблемаларын шешу саласындағы ынтымақтастық мәселелері қозғалды. Кездесудің нәтижесінде Бірлескен коммюнике қабылданды.

Министр М.Тілеуберді ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Ж.Борреллмен жеке келіссөздер өткізді. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін егжей-тегжейлі қарастырып, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге алдағы ресми сапарына дайындық барысын талқылады.

Сыртқы істер министрі Ж. Боррелмен маңызды келіссөздер жүргізді


Өзгелердің жаңалығы